Жұрттың көзінше Сәдуақасованы масқаралаған Семенович өз әрекетіне түсінік берді
Жұрттың әжуасына қалған Мадина Аннаға хабарласып, халықтың алдындағы абыройын қоғауды сұраған сияқты
Осыдан біраз уақыт бұрын Мадина Сәдуақасова мен танымал ресейлік әнші Анна Семеновичтің арасында болған түсініспеушілік желіде тарап, үлкен даулы әңгімеге арқау болы. Осы оқиғадан кейін орыс әншісі қазақстандық көрермендерге жағдайды түсіндіріп берді,- деп хабарлайды KYN.KZ. Астанада өткен концерттен соң Мадина танымал ресейлік әншімен суретке түспекші болды. Дегенмен Анна суретке түсуден бас тартып кетіп қалған. Болған оқиға желіде қызу талқыға түсіп, тез тарап кеткен болатын. Осыдан кейін ресей жұлдызы қазақстандық тыңдармандарға видео үндеу жолдап, жағдайды түсіндіріп берді. Айтуынша оған құрбысы Мадина хабарласып, желіде тарап кеткен алып-қашпа әңгімелерді баяндаған. «Мен Астанаға кең жүрегіммен бардым, таңертең балалар үйінде болдым. Мен барлық балаға көңіл бөлуге тырыстым. Концертте ән айттым, нәтижесінде қатты тоңдым. Өздеріңіз көргендей үстімде бір ғана көйлек болғандықтан көптен бері жақын араласатын құрбым Мадинамен суретке түсе алмадым. Менің мұрным қатты қызарып кеткен еді, суретке түсуге мүлде шамам келмеді», - деді әнші.