Басты жаңалықтар

Аңға шығып қоян атып алған Әбдіжаппар Әлқожа елден ұрыс естіді

Әнші: Маған аңшылықпен айналысқан жараспайды екен.

Роза Әлқожаның інісі жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа  Қызылордаға барып аңға шығып, қоян атып алғанын көрсетемін деп басы дауға қалды, деп жазды KYN.KZ. Көпшілік бейбіт, тоқшылық заманында тірі жүрген жазықсыз қоянды атқан Әбдіжаппарды  қатыгез деп атаған.  width= " Романтикаға жақын әнші, аңшы. Қоянның өзін гүлдей ұстаймын ғой. Өйткені гүл де сабағынан сынса өледі, қоян да оқ тисе өледі. Меннен аңшы шықпайды екен,бәрін өлтіріп бәле болдым",-деп жазды әнші жеке парақшасында. Мәне осыдан кейін әншіге қаратыла айтқан сөздердің көбі оны қатыгез, тасжүрек деген сынды мағынаға толы болды. "Ашсыз ба? Байқұс қоянды аямадыңыз ба?", "Аңшылықпен адамдар ішер асы болмаған кезде айналысқан", "Қандай қатыгез едіңіз, түгі қалмаған Қызылордадның қоянын да құртыңдар енді", "Аңшылықпен нағыз жігіттер айналысқан, жарайсыз. Қазақтың бүгінгі серісі өзіңіз" деген сынды түрлі пікірлер жазылған.