Басты жаңалықтар
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
- автор kyn.kz
- 15 қараша, 2018
- 724
Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қыздың мәйіті табылды.
Екатерина Пудвильдің жансыз денесі сәрсенбі, 14 қараша күні Денисов ауданында өзен жағалауынан табылды. Қыздың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері болмады, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қыздың жоғалғаны туралы полицияға өткен жексенбіде туыстары хабарлады. Олар 20 жастағы тұрғынның 7 қарашада үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.
Із-түзсіз жоғалған жанды іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылды, деректер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жіберілді.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қыздың неден өлгені сараптама нәтижесінде белгілі болады.
Бұдан бұрын Ақмола облысында Щучинск қаласындағы Туризм және спорт колледжінің студенті жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Полиция 2002 жылы туған Анастасия Музыкинаның қайда екенін білетіндерден хабарласуын сұрайды.