Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ата-анасы аукционда 17 жастағы қызын 500 сиыр мен үш көлікке сатты

Ата-анасы аукционда 17 жастағы қызын 500 сиыр мен үш көлікке сатты
ашық дереккөз
 Пәк қызға үміткер ретінде әлеуметтік желідегі аукционға  алты ер адам, оның ішінде жоғары лауазымды шенеунік үміткер болды.
Оңтүстік Судан тұрғыны  17 жасар қызын Facebook-те аукцион ұйымдастырып: 500 сиыр, үш автокөлік және 7,5 мың фунт стерлингке сатты. Қыздың туыстарына сауға ретінде осынша мүлікті танымал кәсіпкер берген. Қызды алуға белгілі мемлекеттік қызметкер де таласқан, бірақ сыйлыққа келіспей "ойында" жеңілген. Бұл туралы life.ru.
"Мен бұл отбасыны жақсы білемін, өйткені біз бұрын көрші тұрдық. Ол кішкентай кезінде мен оған үйленуге уәде бердім", — дейді Дэвид Майом Риак есімді губернатор. Кок Алат  есімді кәсіпкер қызды өзінің оныншы әйелі етіп алды. Қызын ақшаға айырбастайтындардың қылығына елдегі құқық қорғаушылар қарсы. Қазіргі заманға сай шара әлеуметтік желіде өткенімен, елде қыз баланы аукционда сату бұрыннан бар әдет. "Дамыған технологияларды қолданды демесеңіз, бұл – кәдімді құл иеленушілер базары. Біздің заманымызда қыздарды күйеуге беру үшін әлеуметтік желі арқылы сату ақылға сыймайды. Ол әлі бала, ал оған зат секілді қарап отыр", — дейді құқық қорғаушы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар