Басты жаңалықтар

Тоқтар мен Бейбіттің төртінші перзенті дүниеге келді

Бұған дейін жұлдызды жұп үш ұл тәрбиелеп отыр еді.

Халықтың сүйікті әншісі Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева төртінші мәрте ата-ана болды. Бұл туралы әншілердің отбасылық достары мен өнердегі әріптестерінің барлығы желіде жарыса құттықтап жатыр. Тоқтар мен Бейбіттің тұңғыш ұлдары 5-сыныпта оқиды.  Екінші егіздері  Әлинұр мен Сағинұр үш жаста. Көпшілік қос әншіні төртінші ұлдарының дүниеге келуімен жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.