Басты жаңалықтар
Актер Артур Төлеповты қаланың ортасында бұзақылар ұрып кете жаздады
- автор kyn.kz
- 19 қараша, 2018
- 267
Актер: Қазіргі тілмен айтқанда өзімді қорқақтың күйіне салдым. Ашуға бой берсем адам өмірін шешуге дайын жігіттердің құрбаны боларым анық.
Актер Артур Төлепов Алматының қақ ортасында, күндізгі уақытта өзіне қарапайым қазақтың жігіттері жабылып кетпекші болып түрлі сөздер айтып арандатқаны жайлы айтты, деп жазды KYN.KZ. "Кеше түскі сағат үштер шамасында арбаттың боймен кетіп бара жатып қарсы алдымнан үш жігіт шыға келді. Арасынан біреуі қолын созып амандасты.
Менде онымен амандасқаным сол еді қасындағы екі досы "Артур болса өзіне Артур, қайтесің оған қолыңды созып" деген сөзді естіп қаным басыма шапты. Жігіттер артық кетпейік деп жауап бергенім сол еді "Сен бізге әңгіме айтатын пиз...сің бе?" - деп аузына келгенін оттады.
Алайда көпшілікке жексұрын болмайын деп өзімді сабырға шақырдым. Түсінгенім, білімсіз, арсыз, тексіз, жұпыны жігіттердің барына көзім жетті. Тапа-тал түсте адамның тағдырын шешуден тайынбайтын шибөрілер келешекте жазықсыз жандардың өміріне кесірлерін тигізіп, қолдарын қанға малып алмаса деп тілеймін!
Құстың мойыны бос, Жылқының белі бос, Адамның көңілі бос екенін кейбір қазақтың жігіттері ұмытпаса деймін!",-деп айтты актер Артур Төлепов.