Түркістанда өз әйелін пышақтаған прокурорға сот үкімін шығарды
Экс-прокурор әйелінің жұмысына барып оны бірнеше жерінен пышақтап кеткен.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін бірнеше жерінен пышақтап өлтірген Түркістан облысы Түркістан қалалық прокуратурасының бұрынғы қызметкерін 11 жылға бас бостандығынан айырды, депхабарлайды KYN.KZ сайты. Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбінің хабарлауынша, іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Сот тергеуі кезінде сотталушының айыбы толық дәлелденді. "Соттың үкімімен Қанат Исаұлы қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады", — дейді баспасөз хатында. Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда бұрынғы прокуратура қызметкері әйелін туған күнімен құттықтап, татуласу үшін оның жұмыс орны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне барған. Бірақ екеуі бұрыннан келе жатқан бас араздығын қайта қозғап кеткен. Содан кейін сотталушы әйелін бірнеше рет пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан кетіп қалған. Енді анасы қайтыс болып, әкелері түрмеге жабылған үш баланы туысқандары өз қарауларына алады.