Жетістікке жете білудің құпиясынан хабардар болыңыз
Психологтар жеңіске жетудің оңай жолын айтты. Адамдардың 92%-ы жіберетін қателі жіберіп алудан сақтаныңыз
Зерттеу бойынша адамдардың 92%-ы қойған мақсаттарына жетпейді. Дегенмен олардың барлығы жетістікке жеткен адамдар туралы көп естиді. Шындығында бұндай адамдардың сыры – өздеріне не керек екенін нақты білу. KYN.KZ порталы үнемі жеңіске жететін адамдардың қатарында болудың құпиясын ашты. «Мақсат қою» әдісі сізге арманыңызды нақты, түсінікті әрі қолжетімді болуына көмектеседі. Бұл әдістің үш түрлі талабы бар: 1.Нақтылық. Егер мақсат нақты болмаса, әрекет жасаудың қажеттілігі де жоқ. 2.Мөлшер. Алға қойған мақсаттың да мөлшері болу керек. Мәселен былай: «5 кг тастау» 3.Қолжетімділік. Армандаған жақсы, бірақ біз мақсатты оған жету үшін қоямыз. Сондықтанда «бес есе көп ақша табу», деп жазудың орнына, «жұмыста көтеріліп, жалақымды екі есе көтеру», - деген жөн. Мақсатқа жету үшін өзіңізге мына сұрақтарды қойып шығыңыз:
- Мен не нәрсеге қол жеткізгім келеді?
- Мен оны қалай жасаймын?
- Мен оны қашан жасай аламын?
- Маған не көмектесе алады?
- Мен мақсатыма жеткенде не өзгереді?
Жетістікке жететін адамдардың үш ерешелігі:
- Сәтсіздікке басқаша көзқарас. Психолог Анджела Дакуорттың айтуынша жетістікке сәтсіздіктерді қабылдай алатын, тезірек қалпына келе алатын адамдар жетеді. Жеңіліс бәрінде болады, бірақ жеңіске мықтылар ғана жете алады.
- Ерік күші мен оқиғаны қабылдай алу. Нью-Йорк университетінің ғалымы Адам Альтер жеңімпаз адамдардың ерік күші ғана мықты болатынына келіспейді. Олар да мінсіз адам емес. Олар ұялы телефонға қайта қайта үңілмес үшін оны жай ғана дыбыссыз режимге қояды.
- Ерекше ойлау қабілеті. Психолог Кэрол Дуэк адамдарда екі түрлі ойлау қабілетінін болатынын айтты. Олар бейімделгіш және бір қалыпты. Жеңімпаздар ойлаудың бірінші түрі болады. Олар кез келген жағдайға қалыптасып, өздерін дамыта алады.