Басты жаңалықтар

Тойда Шәмшінің әнін орындаған қаранәсілді жігіттер секіріп билейтін ән орындамағаны үшін қонақтардан таяқ жеп қала жаздады

Әншілер арзан әнге құмар тойшыл қазақтарды сынады

Қазақ тойларында өнер көрсетіп, нандарын тауып жүрген қара нәсілді жігіттер тойшыл қауымның талғамына сай ән орындамағаны үшін жастардан қорқыту, ескерту  алғандарын айтты KYN.KZ тілшісіне. Афроамерикалық "Жамбо-жамбо"  тобының Қазақстанда құрылып, тойлар мен концерттік жобаларға қатысып жүргеніне екі жыл болды. Аз уақыттың ішінде өз тыңдармандарының ықыласына бөленіп үлгерген қара нәсілділер тек қазақтың ескі әндерін шырқағанды жөн санайды. "Тілдеріміз күрмеленсе де, ән айтып, маңдай терімізбен нәпақамызды тауып жүрміз" -дейді топтың жетекшісі, Обеди Бамало. Бүгінде батысқа еліктеген қазақтың кейбір жастарына қарап үлгі алудан қалдым дейді. Себебі, жігіттер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тойда шырқаған уақытта "Қазіргі заманның талабына сай секіртіп билететін ән айтпасаңдар әңгіме басқаша болады" деген қорқытуды да көргендерін жасырмады. Әннің құдыретін түсінбейтіндердің қас-қабақтарына қараудан басқа амалымыз жоқ деп отыр қаранасәлді қазақ тойын бағындырғысы келіп жүрген жігіттер. "Жамбо-жамбо" тобының мүшелері Қазақстандағы Q-pop бағытында ән салатын әншілердің өнерін сынады. Олар бүгінде қазақ тілінің бұрмалануы мен жастардың санасының қатты уланып жатқаны, еркектердің шаштарының түсін өзгертіп, құлақтарын тесіп, жұлым-жұлым киім кигендерінің арты жақсы болмайтындығын ескертті.