Басты жаңалықтар

Серікбол Сайлаубекті тойда "қорғаған" күзет агенттігі жазаланатын болды

Инстаграм арқылы жұртты өзіне қаратпақ болған Сайлаубек полицияны күзетшілердің ізіне салып берді.

Ішкі істер министрлігі қарулы күзетпен ән салған отандық әнші Серікбол Сайлаубектің оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын аяқтап, оқиғадағы заңсыздықты анықтады деп хабарлайды KYN.KZ

"Қазіргі уақытта аталған күзет ұйымына қатысты қызметкерлердің қаруды пайдалану тәртібін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекс аясында прокуратура органдары алдында күзет ұйымының күзет қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруге бастама жасалды", - деді Садубаев.

Айта кетейік, әнші қарулы күзетпен ән салып тұрған видеосын өз Instagram парақшасына жариялап, әдеттегідей тес сыналған жоқ, ізіне тәртіп сақшылары түскен еді.