18 жастағы қыз арықтайтын дәрі ішіп қайтыс болып кетті
Бойжеткен жарты жылдай артық салмақтан арылу үшін спортпен айналысып, жеңіл тамақтана бастаған.
Кейіннен оның әрекеттерінен нәтиже болмаса керек, бірден іш жүргізіп, несеп айдайтын дәрілерге көшкен. Одан да айтарлықтай нәтиже көрмеген қыз бірден дәрінің екі есе мөлшерін қабылдаған. Міне соның кесірінен оның жүрегі тоқтап, бірден қайтыс болған. Оқиға Ресейдің Истра қаласында болған. Қыздың ата-анасы ол арықтау үшін түрлі әрекеттер жасап жүргенін білгенімен, дәрілік препараттарға көшкенін байқамаған.