Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді

Тергеу мәліметі бойынша, 19 жастағы Әлихан Қожакелдиев өз-өзіне екі рет кеудесіне оқ атқан.

21.11.2018
0
Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді

Шығыс Қазақстан облысында «Ақжон» шекара бекетінде 17 қарашада төтенше жағдай болып, салдарынан әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Әлихан Қожакелдиев қаза тапты. Тергеу мәліметінше, ол қызметтік қарумен кеудесіне екі рет оқ атқан.

Қайғылы оқиға мемлекеттік шекарада атпен  торуылдау кезінде болған. 2017 әскери бөлімше командованиесінің хабарламасына сүйенсек, қатардағы сарбаз Әлихан Қожакелдиев желді тежегіш компенсаторды жоғалтып, таба алмай қойғандықтан, жауапкершіліктен қорқып, өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды 31 арна.

Болған оқиға туралы шекара жасағының жетекшісі Артем Дереглазов айтып берген, ол сол күні Алиханмен бірге шекара учаскесін шолуға шығыпты. Оның айтуынша, Қожакелдиевтен алыста тұрғандықтан, қайғылы жайттың алдын алу мүмкін болмады.

Алайда марқұмның туыстары өзіне қол салды деген болжам жындыққа мүлдем жанаспайды деп санайды.

«Бұл Дереглазовтың сөзі ғана. Сену қиын. Адам өзін өлтіргісі келсе, неге басынан атпайды. Кеудесінің оң жақ тұсынан екі рет оқ атқан», — дейді Әлиханның ағасы Асхат Қожакелдиев.

Ұлының өзін-өзі өлтіруге бармайтынына қаза тапқан шекарашының анасы да сенімді. Айгүл Қожакелдиеваның жалғыз ұлы колледжді қызыл дипломмен бітірген, болашақта анасына қамқор боламын деп ЖОО-ға түсіпті. Әйел баласын әскерге алмауды сұрап, қанша жалбарынса да, әскери комиссариат борышын өтуге шақырған.

«Жалғыз басты анамын, балам – жалғыз асыраушым. Құдай үшін, алмаңыздаршы!» – десем, олар: «Тәте, бір жарым миллион теңгеңіз бар ма? Бар болса, төлеңіз, іс бітеді», — деп жауап берді», — деп есіне алады әйел.

Әлихан Қожакелдиевтің мәйітін командирлер анасына алып келгенде, не айтарын білмей абдырап қалған. Ақыры болған жайттың ресми нұсқасын айтып беріпті.

Ал Өскемен гарнизонының әскери тергеу басқармасы мен әскери прокуратура өз-өзін өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдарын бастады. Төтенше жағдайдың жалғыз куәгері Артем Дереглазовқа қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бөлісу8Твит5
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6024 бөлісу
    Бөлісу 2410 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3204 бөлісу
    Бөлісу 1282 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1383 бөлісу
    Бөлісу 553 Твит 346
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1546 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 387
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.