Басты жаңалықтар

Адамның мұрнына қарап өтірік айтқанын біліп қоюға болады

Ғалымдар арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп, бұл әдістің 100 пайыз дұрыс екеніне сенімділік білдіруде.

Гранда университетінің ғалымдары осы тұжырымды растау үшін тағы бір мәрте зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрген. Олар бірнеше адамды жинап, телефон арқылы жақындарын алдауға тапсырма береді. Сол кезде өтірік айтқан қыз-жігіттердің мұрны 1-2 градусқа суып, шекелері қызып кеткен. Оны арнайы адам температурасын өлшейтін құрал арқылы бақылаған. Ғалымдар мұны өтірік айтқан адам іштей қатты қобалжиды, қорқады, алаңдайды сол кезде оның ішіндегі болып жатқан қобалжудың белгісі сыртқа шығады деп түсіндіреді.