Басты жаңалықтар

Ұшақ қаққан ер адам дөңгелекке өзі жабысып бірге ұшып кетпекші болған

25 жастағы жігіттің есірткі тұтынғаны анықталды.

Мәскеуде ұшақ қағып кеткен ер адамның өліміне  байланысты сот тергеу жұмыстарын бастап кетті. Жігіт ұшаққа жеткізетін автобустан секіріп түсіп, ұшқалы тұрған ұшақтың дөңгелегіне жабысып тоқтатпақшы болған. Тәртіп сақшыларының сөзінше жігіт ол кезде мас күйінде болған. 1993 жылғы азамат Испаниядан Мәскеу арқылы Арменияға депортацияланып жатқан. Ұшақ тұрағына жеткенше айналасындағылар одан ешқандай да оғаш қимыл байқамапты. Автобустан түскен кездегі әрекетінен кейін оның есірткі тұтынғаны анық болған.