Басты жаңалықтар

Цирк сахнасында екі жолбарыс атты тістелеп, сүйреп тастады (видео)

Жануарларды сахнаға дайындайтын жаттықтырушылардың өзі абдырап, сасқаннан жолбарысты таяқтың астына алды.

Цирк қойылымына дайындық кезі болса керек түз жануары атқа тап беріп, тістелеп тастады. Екі жолбарыс екі жағынан  қорегін тапқандай атылған кезде жаттықтырушылардың өзі не істерлерін білмей кетті. Ақырында шамасы келмей құлап қалған атты тістеп жатқан жолбарысты қамшыменен сабады. Бірақ екінші жолбарыс келесі жақтан келіп, атты тісіменен жұлмалай бастаған. Мұны көрген көпшілік циркке баруға қорқып қалғандарын жазған. Тіпті жабайы жануарлардың жабайы табиғаттағы өміріне басып, адамдарға шабуыл жасауы мүмкін деп болжағандар көп. Анықталғандай бұл жағдай Қытайда осы жылдың қаңтар айында болған екен.