Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

2019 жылы ҰБТ төрт рет өтеді

Келер жылы ҰБТ төрт рет болады. Әрі сынақ тапсыруға ниеттілер 2018 жылы өтінім беріп қоюы керек.

22.11.2018
0
2019 жылы ҰБТ төрт рет өтеді

Келер жылы ҰБТ тапсыру форматы сол күйінде қалады, дегенмен бірқатар қосымша өзгерістер бар.

Бүгінде Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2019 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) өткізіледі және алғашқысы қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтінім 2018 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.

ҰБТ-ны сәтті тапсырған 11 (12) сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Сондай-ақ, шет тілін терең меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқушылар «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізілуде.

«Айта кету керек, қаңтар, наурыз және тамыз айларында ҰБТ тапсырған талапкерлер білім беру гранттарына үміткер бола алмайды, ол ЖОО-на ақылы түрде түсу мүмкіндігіне ие болуы үшін қарастырылған, ал грантқа таласу үшін маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет.

Және де қаңтар, наурыз айларында ҰБТ тапсырған оқушылар маусым-шілде айларындағы негізгі ҰБТ-ға қатыса алады», — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, 2019 жылдың қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ тапсыратын талапкерлер тестті ақылы түрде тапсырады және оның әр тапсыруы  2242 теңгені құрайды.

Вице-министр аталған өзгерістердің не үшін енгізілетінін төмендегідей дәйектермен түсіндірді «Жалпы ҰБТ-ны тапсыру форматында, пәндер мен сұрақтар бойынша өзгерістер жоқ. Қалған өзгерістерге келсек біз көпшіліктің пікірімен санасу мен мониторинг жасау негізінде келдік.

Сонымен бірінші себеп, көп адамдар неге Ресей және басқа да елдерде қыста емтихан тапсырып оқуға қабылдайды, неге бізде ондай мүмкіндік жоқ дейтіндерге жағдай жасау, екінші неге бізде ЖОО-на түсу мүмкіндігі бір рет қана қарастырылған деген өтініш иелеріне қосымша мүмкіндік беріледі, үшінші, ЖОО-на түсу мүмкіндігі неге ҰБТ-мен ғана шектеледі деген жиі сұрақ қойылатын. Бұл мәселені БҒМ өз бақылауына алып екі жылдан бері мектепте және университетте бөлек тапсыру мүмкіндігі қарастырылған», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. ЖОО-ға қабылдау кезінде талапкерге түскен мамандығы бойынша нақты білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі беріледі. Ол үшін министрлік ЖОО-ы жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады.

Ағымдағы жылғыдай, ҰБТ сертификатымен бірге әрбір бітірушіге білім беру бағдарламалары топтарының тізімі, бөлінетін гранттар саны, сондай-ақ, өткен жылғы грант тағайындау конкурсының нәтижелері көрсетілген ақпараттық парақ беріледі. Бұл ақпараттық парақ талапкерге болашақ мамандығын таңдауда көмектеседі.

Бөлісу52Твит33
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3792 бөлісу
    Бөлісу 1517 Твит 948
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1103 бөлісу
    Бөлісу 441 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.