Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе тұрғыны пойызда өзін жолсеріктердің қалай азаптап зорлағанын айтты

Ақтөбе тұрғыны пойызда өзін жолсеріктердің қалай азаптап зорлағанын айтты
ашық дереккөз
Келіншек: Олар түнгі уақытта қызметтік кілтпен купе есігін ашып кріп, аузымды жауып, аяқ-қолымды тырп еткізбей қойды.
Астана- Ақтөбе бағыты бойынша жолға шыққан келіншек "Тұлпар-тальго" пойызында көрген азапты түні туралы  "Не молчи.kz" ұйымынан өз мәселесінде құқықтық және моральдық көмек сұрап барған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында  Дана Смайлова жазды. Келіншектің сөзінше ол Астанадан ғылыми конференциядан үйіне қарай қайтып баражатқан. Қатты шаршағаны соншалық, қасында ешкім болмағандықтан купені ішінен кілттеп ұйықтап кеткен. Бір кезде ер адамның үстіне шығып, өзін зорлап жатқанын аңғарады. Ұйқылы ояу, не істерін білмей тұрған кезде бірінші жолсерік ісін аяқтап шығып кетеді.  Сол кезде екінші жолсерік келіншекті зорлай бастайды. Әйелдің сөзінше, әбден есеңгіреп қалғандықтан ол тіпті айқайлауға, елден көмек сұрауға шамасы болмапты. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша сот тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше екі жолсерік бірден жұмыстан қуылған. Тергеу кезінде олардың бірі жыныстық қатынастың екі жақты келісім бойынша болғанын айтқан. Екіншісі әйел зорлау оқиғасы болмады деген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар