Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

“Ақтөбе” клубын  108 миллионға сатып алған  Смақов ақшаны қайдан алғанын айтты

Қарызға батқан клубтың бұған дейінгі шығындарын да Самат Смақовтың өзі төлейтін болды.

21.11.2018
0
“Ақтөбе” клубын  108 миллионға сатып алған  Смақов ақшаны қайдан алғанын айтты

Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының иесі атанатыны туралы қауесет ел арасында тарағалы біраз уақыт болған. Спортшының  мұндай шешімді ойламаған жерден қабылдаған,  деп жазды КТК арнасына сілтеме жасаған KYN.KZ.

Бәс саудаға Смақовтан өзге ешкім қатыспаған. 15 миллион теңгені алғашқы жарнаға төлеп, сенімгерлік басқаруға алды. Ал 108 миллион теңгенің қалған бөлігін жеті жыл ішінде өтеуі тиіс.

Оған қоса осы күнге дейін жиналып қалған қарызды да бас директор өз мойнына алып отыр. Әсіресе, легионерлерге берешегі шаш етектен. Дегенмен, клуб жекеге өткенімен қазынаның ақшасынан құр қалмайды. Келер жылдың өзіне бюджеттен екі миллиардттай ақша қарастырылыпты.

Енді Самат Смақов қарамағындағы қызметкерлерінің 70 пайызының қызмет орнын сақтап қалуға міндетті. Сонымен қатар балалардың футбол орталықтарын дамытуды мойнына алған. Егер бұл жауапкершіліктен қашқақтайтын болса, клубты әкімдік кері қайтарып алады.

«Үшінші рет бәс саудада ешкім сатып алмаса клубты билік таратып жіберер еді. Сондықтан жақындарыммен, таныстарыммен кеңесіп, өзім сатып алуды жөн көрдім. Бұл клуб мен үшін қымбат.

Кейбір білгіштер клубты жауып, жаңадан ашу керек еді деп жатыр. Бірақ қаншама жылдық тарихты қалай жоқ қылуға болады? Оған дәтім бармады. Халықты «Смақов осынша қаржыны қайдан алды екен» деген сұрақ мазалап жатқанын білемін. Екі жыл бойына жүгері күзетпегенім анық. Футбол ойнап таптым»,-деді «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов.

Бөлісу9Твит6
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3794 бөлісу
    Бөлісу 1518 Твит 949
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.