6 жасында бойы 160см. болған: әлемдегі ең ұзын 11 жасар қыздың қызықты оқиғалары (видео)
Қыздың ата-анасының бойы 180см. Олар баласының бойы не себепті өсіп кеткенін айтып берді.
Әлемдегі ең ұзын қыз Қытайда тұрады. Қазір оның жасы 11-де. Оның бойының ұзындығы 208 сантиметр. Чжан Цзыюй есімді оқушы елдің шығысындағы Шаньдун провинциясында тұрады. Ол қазір 6-сыныпта оқиды. Арманы кәсіби баскетболшы болу. Оның анасы осы спорт түрінде ұлттық құраманың ойыншысы болыпты. Қазір жаттықтырушы. Ең ұзын қыз қазір баскетболмен айналысады. Мұнымен қоса музыка үйірмесіне де қатысады әрі сабақты да жақсы оқиды екен. Оның анасы мен әкесінің бойы 180 сантиметр болған. Сондықтан ата-анасы қыздары 6 жасында оның бойы 160см болғанына еш қайран қалмаған. Қазір ең ұзын қыздың сыныптастары оның белінен келеді. Себебі Қытайда 6-сынып оқушысының бойы орташа есеппен 137 см. Ең ұзын қыздың ата-анасы оның бойының тым ұзын болуына алдымен спорт сосын дұрыс тамақтану әсер еткенін айтқан. Үзын қыздың сыныптастары кейде өздерін көтеріп алуды сұрайды екен. Кей бірі онымен әңгімелескен кезде отыруын талап етеді. Себебі мойыны ауырып кетеді екен.