Басты жаңалықтар

Тұрсынбаева адам қағып кеткен жалғыз ерке қызына жаңа көлік сыйлады (фото)

Ақын: Тұлпарың құтты болсын, күнім

Танымал  ақын бүгінде қыз ұзатып әнші атанып, желілік сауданы қолға алып бизнесті дөңгелетіп отырған Айнұр Тұрсынбаева Айдана есімді ерке қызына су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы ақынның өзі парақшасында суретімен жариялап, қызына құттықтау арнаған. "Тұлпарың құтты болсын, күнім! Ғұмырың қуанышқа толы болсын",-деп жазды Айнұр Тұрсынбаева. Ресейлік компанияны жарнамалап, қазақстандықтарды бизнеске баулып жүрген Тұрсынбаева ел қызығарлықтай жалақы алатынын өзі жиі айтады. Әрі көптеген жағдайы төмен отбасы мүшелерін табыс табуға үйреткені бойынша да Инстаграмда есеп беріп отырады. Көпшілік ақынның қызына жасаған тартуында осы компанияның үлес -салмағы, табысы жоғары деп отыр.