Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы зорланған баланың ісін қолға алды
Ол бұл істі тезірек аяқтау керектігін айтқан
Жақында Қазақстанның балалар құқығы бойынша уәкілі болып тағайындалған Сәуле Айтпаева алдағы уақытта қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты деп хабарлайды KYN.KZ Сәуле Айтпаева күн тәртібіне қойылған мәселелер арасынан депутат білім беру, денсаулық сақтау және бала құқығын қорғауды кепілдендіру салаларын атап көрсетті. Сонымен бірге мемлекеттік органдар қызметінің айқын көрінуі маңызды екенін айтып өтті. Бұрынғы омбудсмен Зағипа Балиеваның қызметінен кетуі туралы пікір білдіре отырып, Айтпаева мемлекеттік органдар, қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуі орасан зор маңызға ие екенін айтты. "Оңтүстік Қазақстан облысындағы оқиғаға қатысты айтар болсам, қылмыстық іс тергеліп жатыр, енді аяқталуы тиіс. Тергеу нәтижесі бойынша, қылмыстық-процестік кодексте көрсетілген органдар іске кіріскенде, әрі қарай не болатынын білеміз", — деді сенатор. Жаңа омбудсмен осы іс бойынша Бас прокуратураға сауал жолдапты. Бұдан бөлек, Айтпаева Қазақстандағы заң аясында және берілген құзыреті шеңберінде ата-аналар оған толығымен сенім арта алатынына сендірді. Айта кетейік, 12 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жаңа балалар омбудсменін тағайындады. Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваның орнына сенат депутаты, генерал Сәуле Айтпаева балалар құқығы бойынша уәкіл қызметіне кірісті.