Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көрнекті ғалымы Карл Байпақов дүниеден озды

Көрнекті ғалымы Карл Байпақов дүниеден озды
ашық дереккөз
Карл Молдахметұлы Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық археологиясының зерттелуіне зор үлес қосты
Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткердің қайтыс болғанын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

"Оның бүкіл ғұмыры – халыққа қызмет етудің жарқын мысалы. Карл Молдахметұлы өз еңбектерімен еліміздің тарихындағы, археологиясы мен мәдениетіндегі біздің танымымызды кеңейтті.

Таяуда ғана біз археологиялық орталықтарға зерттеу жүргізу бойынша үлкен жоспар құрып едік, өкінішке қарай, ол орындалмайтын болды. Карл Молдахметұлының ісін жалғастыру маңызды деп есептеймін", — деп жазды Facebook-те Мұхамедиұлы.

Көрнеті ғалым Карл Байпақов 1940 жылы 17 қарашада Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар