Балағаттап, көлігімен мені соғып қашты: актриса Бибігүл Сүйіншалина жол көлік оқиғасына түсті (видео)
Актриса: Полицейлер оқиға орнына 1.5 сағаттан кейін бір-ақ келді.
Танымал актриса Бибігүл Сүйіншалина жол көлік оқиғасына тап болды. Айтуынша, көлігін артқы бөлігінен соққан жүргізуші актрисаны балағаттап, оқиға орнынан актрисаны қоса қағып қашып кеткен. "Мен құрбыммен бірге Коккинаки көшесімен кележаттық. Негізгі жол біздікі. Бір кезде алдымдағы кішкентай жолдан бір жүргізуші атып шықты. Дереу тоқтауға мәжбүр болдым. Осы кезде менің соңымда кележатқан көліктің тоқтай алмай соғылған дауысы естілді. Шығып мән-жайды түсінісуге тырыстым. Бірақ Мерседес көлігіннен шыққан жігіт бар дауысымен айқайды салды. Мені тыңдағысы да келмеді. Көлігінің алдыңғы орындығына жас баланы арнайы орындықсыз отырғызып алыпты. Айтыңыздаршы мен не істеуім керек еді. Алдымнан шыққан көлікке сөғыспау үшін тоқтауға мәжбүр болдым емес пе? Жағдайды түсіндіруге тырысқанымда ер адам мені жер-жегбіріме жеткізіп балағаттап, көлігіне отырды да өзімді қаға жүріп кетті. Әрине жан керек, ол маған қарай бағыт алғанда қашып үлгердім, соның өзінде құлап қалдым. Жағдайды анықтап заңды шешсін деген оймен полицейлерді шақырдық. Олар оқиға орнына 1.5 сағаттан кейін келді. Тағы бір мамандар көліктердің орнын сызу үшін екі сағаттан кейін келді. Мен көлігімнің майысқан темірін жөндетіп алу үшін емес, мынандай тәртіпсіздердің кесірі тағы біреуге тимесін деген оймен жүргізуші жігітті іздеп отырмын. Көлігім онсыз да ескі. Тәрбиесіз жүргізушіні табуға көмектесіңіздерші",-деп жазды жас актриса Бибігүл Ақтан.