Фариза қысқа көйлек кигені үшін ағасы Төреғалидің өзін қалай ұялтып тастағанын айтып берді
Фариза: Ағамның сол сөздері өмір бойы есімнен шықпастай болды
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Тариза Төреәлі өзінің киіну стилін сынайтындарға жауап бере отырып басынан өткен жағдайды баяндап берді. "Жасыңа сай киінші апалар ұқсап салбыратпай" дейді. Мен Ислам дінінен xабардар болмай тұрып та қысқа кимегенмін. Үйдегі тәрбие сондай. Бірақ бір күні(жасым шамамен 11-12) мүлде кимеген(жаңа), тізеден сәл жоғары юбкамды қызыққа киіп алып, қосымшаға ақырын шығып бара жатсам, Ағабай қарап тұр екен. Оны көрмегендей түр жасадым, "Фари тоңасың ғой" деді, "жоқ. дала жылы ғой" деп қоям, солай ағамның не айтқысы келгендігін түсінбедім. "Фар бері келш, бірдеңе айтам" деді. Ішімнен киіміме килігіп , кейіп тастайды деп ойладым. Бірақ Ағабай: –Фари, жаным, сен ақылдысың ғой. Сен қыз баласың, бұндай кимеші, жұрт не ойлайды, ағасы қайда қарап отыр, тәрбиесі қандай бұл қыздың демей ме.. Әдемі киімдерің көп қой, бірақ ашық киінбе" деді. Осы сөздер өміріме жеткілікті болды.Менің әрбір ісім, әр қадамым үлкен жауапкершілікке ие екендігін түсіндім, ата-анам , бауырларыма сөз келмейтіндей, оларды ұятқа қалдырмайтындай өмір сүруім керек деп ұғындым. Олардың осынша қамқорлығы мен маxаббатына сай болу үшін, сенімдерін жығып, көңілдеріне қаяу түсіргім келмейді.. Маған жазған xабарлама үшін бұлай жазып жатқаным жоқ, өз ойымды білдіруге жай ғана себеп болды. Мен жайында қандай пікір болса да қызықтырмайды, себебі өзімнің қандай екенімді анық білемін. Аллам бәрімізге жар болсын! Ар-ұятсыз халықтың несі халық, Имансыздық тұр елдің есін алып. Жан жақты жалаңаштық жайлап алған, Қазақтың құзға құлар көші барып. Мата жетпей қалғандай арулар жүр, Етегін қара саннан кесіп алып. Сол қыздардың жалғайық етегіне, Сәлдесін молдалардың шешіп алып. Жалаңбұт қызды көріп шошынғанша, Жалаңбас молда көріп шошыналық.",-деп жазды Фариза Төреәлі.