Басты жаңалықтар

Бағымнан кешірім сұраймын: Мөлдір Мақсатқыздарымен не себепті араздасқанын алғаш рет айтты

Әнші: Ұстаздарым маған ренжитіндей жағдай болды сол кезде. Бірақ қазір кімнің отбасы бұзылмай жатыр?

Мөлдір Әуелбекова  "Гәкку" арнасының "Шыны керек" бағдарламасында ұстаздары Бағым мен Баян Мақсатқыздарымен болған даудың себебін айтып, оның барлығына нүкте қоятын кездің келгенін түсіндірді. "Мен бүгін ғана Баян Мақсатқызымен кездестім. Кездесуіміз жақсы өтті. Бағымды ашқан продюсерімді алғаш рет болғалы тұрған жеке концертіме шақырдым.Ия біздер біраз араздасып жүрдік. Екі тарапты араздастырған осындай сұхбаттар мен араға сөз таситын адамдар негізі. Енді бүгін үлгермей қалдым, Бағым ханымға да барып кешірім сұрайтын жері болса сұрап, концертіме шақыртуымды табыстап қайтамын. Қазақта "су ішкен құдығыңа түкірме" деген бар. Сондықтан мен ол кісілерден кешірім сұрауға да арланбаймын. Шындап келгенде дәрежем де кіші, жасым да, жолым да кішкентай",-деді Мөлдір Әуелбекова. Осы жерде журналист көпшілікті қызықтырған сұрақты қойды. Яғни екі жақтың "дауы неден туды, ұрыстың себебі не?" деді. "Ұрыстың себебі, мен топта ең ұзақ жұмыс істеген әншімін. ол кезде әр әнші келіп, сосын аз уақытта қайтып кетебермейтін. Менің топтан кеткенім ұстаздарыма ауыр тиген сияқты. Сол ренішті арадағы адамдар одан әрі қоздырған сыңайлы. Енді осынша уақыт араздасып жүрдік. Қазір барлығымыздың басымыздан өзімізге жетерлік сабақ алатындай жағдайлар өтті. Баян ханымның өзі қандай қиындықты кешірді. Отбасы бұзылатындар бұзылды. Сондықтан, қателеспейтін адам жоқ. Мен бәрінен әсіресе өнерге баулыған ұстаздарымнан кішірейіп кешірім сұрауға дайынмын",- деді Мөлдір Әуелбекова.