Мөлдір екі жыл бұрын алаяқтарға алданып отбасымен көршісінің сарайында тұрған
Әнші: Ұзатуымның барлығын қарызға жасадым. Сол қарыздарды қайтару үшін босанғанша, босанғаннан кейін баламен бірге тойға шығуыма тура келді.
Мөлдір Әуелбекова "Шыны керек" бағдарламасында алаяқтарға алданып, отбасын яғни 13 адамды далада қалдырғаны жайлы айтты. Әншінің сөзінше әулетіне тиесілі жалғыз үйден, барлық дүние мүліктен айырылған Әуелбековтер көршісінің сарайында тұруға мәжбүр болған. "Оны негізі ешкім білмейтін. Ешкімге айтқан емес едім. Рас "Кешьюден" кеткен кезімде бір алаяқтарға алданып қалдым. Түксіз қалып, ата-анам, інім келіншегі балаларымен, әпкем төрт баласымен 13 адам далада қалдық. Көршіміздің есігінің алдындағы кішкентай үйінде тұрдық. Содан мен үлкен қарызға баттым. Тіпті ұзатуыма дейін барлығы қарызға жасалды. 1,5 жыл бойы 180 теңгеден алған доллардағы берешегімнің 360 теңгемен тек өсімін өтедім. Сол себепті ұлым ішімде сегіз ай болғанша жұмыс істедім, босанғаннан кейін екі айлығынан бастап баламен бірге тойға шығуыма тура келді. Ол алаяқтар қазір өмірімде жоқ. Ол жылдар бойы жасалған алаяқтық. Оны айтып отырудың өзі ұзақ уақытты алады. Содан кейін алдағы уақытта кесірі де болып кетуі мүмкін. Сондықтан терең үңілмесек",- деді әнші. Әуелбековаға жақында ғана ұлының әкесі хабарласып, баласын көргісі келетінін айтыпты. Әнші егер күйеуімен бәрі жақсы болып кетсе оны кешіруге де дайын екенін ашық айтты.