Басты жаңалықтар

Актер Есім Сегізбаев қайтыс болды

Қаралы хабарды марқұмның  өнердегі шәкірттері мен әріптестері желідегі парақшалары арқылы жеткізді.

Актер, педагог, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі Есім Сегізбаев дүниеден өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. "Ұстазым Сегізбаев Есім Жүкеұлы "келместің кемесіне" мініп кетті.. Жүрегім қарс айырылып, қабырғам қайысып отыр. Қалың жұртқа қатты қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды әнші Төреғали Төрәлі. Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы Көкшетау облысы, Рузай ауданында туған. 1958 жылы Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірген. 1958 - 1961 жылдары-әскер қатарында болып, аға лейтенант. 1961 - 1965 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кино және драма актеры мамандығын бойынша бітірген. 1965 - 1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек етті. 1978 жылдан негізгі кәсіби мамандғы «Актер шеберлігі» пәнінен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор лауазымдарын атқарды. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етті. Оқи отырыңыз:

Жанар Доғалова: Өлімнен қорықпаймын, керісінше оны жаратушының ең асыл үкімі деп түсінем

Фариза қысқа көйлек кигені үшін ағасы Төреғалидің өзін қалай ұялтып тастағанын айтып берді

Тұрсынбаева адам қағып кеткен жалғыз ерке қызына жаңа көлік сыйлады (фото)

Роза Әлқожа: Тойдан кейін екі ер адам маған таласып,төбелесіп кетті