6-сынып оқушысының апат орнында қалдырған хаты миллиондаған халықтың жүрегін елжіретті
Жас жігіт осы хаттыі арқасында көлігін соғып кеткен адамды тауып, хат авторына желі арқылы іздеу жариялады.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге оқушы қыз көргенін сурет арқылы баяндап қалдырып кеткен.
Жігіт көлігінің жанынан хат тауып алады. Бір жапырақ суретте болған жайттың бәрі баяндалыпты. Тіпті сурет арқылы түсіндірген. Эндрю хатты алтыншы сыныпта оқитын қыз бала жазғанын, бірақ аты-жөнін көрсетпегенін айтты. Дегенмен ол қыздың арқасында өз көлігін кім соғып кеткенін анықтады. Хабарламада қыз не болғанын толық баяндаған екен. Ол жол-көлік оқиғасына 449 нөмірлі мектеп автобусы кінәлі екенін айтқан.