Басты жаңалықтар

Қыз Жібектің әнімен шықты: Құдайбергеновтың атасы мен апасы "Гауһар" тойларын ерекше атап өтті (фото,видео)

60 жыл бірге тұрған ерлі - зайыптылар таза қазақша той жасап, жұртты қайран қалдырды.

Танымал кәсіпкер Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің атасы мен әжесі 60  жыл тату-тәтті тұрғандарына үлкен той жасап, дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ сайтына той қонағы болған азамат.  width=  width=  width= Айтуынша той таза қазақша стильде болған. Той төріне жиынның себепшілері Қыз Жібек ариясымен шақырылған. Әрі ерлі - зайыптыларды  құрбы - Құрдастары әдемі әрі бірдей тігілген қазақша киімде ерте шыққан. Әнді той ханымы Қайрат Құдайбергеновтың апасы әншімен бірге орындайды.

Тойда танымал әрі ауқатты әулеттің ұлдары арнайы Гауһар тойға ән жаздырып орындаған. Қуанышты кештің себепшілері әдемі әннің ырғағында вальс билеп, көпшілікті өз махаббаттарына сүйсінткен.