Қазақстанда оқушыларға мүшеқап тегін таратылуы мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігі осылайша ерте жүкті болып қалатындардың санын азайтамыз деп отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі мұны ерте кезден жүкті болатын қыздардың артуына байланысты бұл талапты заңмен бекіту керек деп отыр. "Қазір жастар мүшеқапты қолданбайды. Өйткені оның арты неге апаруы мүмкін екенін ойлай бермейді. Сол үшін мұны қыз-жігіттерге түсіндіріп, кейін контрацептивтерді тегін таратуды жаңа кодекске енгізуді жоспарлап отырмыз",-дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова. Дегенмен бұл әзірге ұсыныс қана. Өйткені біраз шығынды талап етеді. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 16 жасқа толған қыздарға ата-анасының келісімінсіз-ақ қолдан түсік жасатуға рұқсат беруді ұсынған болатын. Ондағылардың айтуынша, бұл барлық халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Ал қазіргі заңдар бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек.