Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мұхтар Әбілязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Осыған дейін күдіктінің өзі сотқа өкілін де жіберген емес.

27.11.2018
0
Мұхтар Әбілязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мұхтар Әбілязовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұхтар Әбілязовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталған болатын.

Мұхтар Әбілязовке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакциясында) 28-бабының 3-бөлігінде, 96-бабының 2-бөлігінің «ж» «з» тармақшаларында (адам өлтіруді ұйымдастыру, адамды жалдаумен пара-пар, пайдакүнемдік мақсатта алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен өзге адамды қасақана өлтіру)  көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген айып тағылды.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың ақпан айында Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған өңіраралық соты бизнесмен, бұрын ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болған, 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәдиді 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған болатын.

Сотта Мұратхан Тоқмади жақындары үшін алаңдағанын, оған қоқан-лоққы көрсетіліп, отбасы бұл қысымнан қорыққандығын, сондай-ақ Мұхтар Әбілязовтен Ержан Тәтiшевтi өлтiру үшiн екі траншпен 4 миллион доллар көлемiнде сыйақы алғанын мойындаған.

Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжеғали Кенжебеков Мұхтар Әбілязовті 28-баптың 3-бөлігінде, 96-баптың 2-бөлігінің «ж, з» тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды жасады деп танып, өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Ол қылмыстық-атқару жүйіесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемесінде жазасын өтеуі тиіс. Бұдан тыс, сотталған Әбілязовтің үш жыл мерзімге банк ұйымдарында кәсіби қызметпен айналысуына да тыйым салынды.

Әбілязовтің ісі 15 томнан тұрады. Процесс барысында жүзден астам куәгерден жауап алынды. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айтқан сөздерін растады. Сот баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу5Твит3
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6252 бөлісу
    Бөлісу 2501 Твит 1563
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3176 бөлісу
    Бөлісу 1270 Твит 794
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3330 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1605 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    896 бөлісу
    Бөлісу 358 Твит 224
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    845 бөлісу
    Бөлісу 338 Твит 211
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.