Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 34 жастағы ана 8 баласымен суық контейнерде тұрып жатыр (фото)

Алматыда 34 жастағы ана  8 баласымен суық контейнерде тұрып жатыр (фото)
ашық дереккөз
Гүлзат Берікқызы: Кеше ғана көмір алдым. Күзетші болып жұмыс істеп, балаларды қолымнан келгенше бағып жатырмын.
Алматының Айгерім ықшам ауданында екі бөлмелі темір контейнерді жалдап, 8 баласын асырап отырған Гүлзат Берікқызы KYN.KZ тілшісіне  бүгінгі тіршілігі туралы сұхбат берді.  width= Гүлзаттың жасы 34-те. Сегіз балалы ана "Алтын", "Күміс"  медальдардың иесі. Осы марапаты үшін мемлекеттен айына 14,500 теңге алады екен. Ал мына темір баспананы 25 мың теңгеге жалдап отыр екен.  width= " Сегіз балам бар. Күйеуім үш жыл болды басқа әйелмен тұрып кетті. Арасында келіп, мен жұмыста кезде кіші балаларға қарап тұрады.  Екеуіміздің құдай берген 4 қыз, 4 ұлымыз бар.  width= Үлкенім 13жасар, ең кенжем 1,5 жаста. Бірақ күйеуім келіп, балаларға алиментін төлеп тұрады. Бұйыртса түбі онымен қосыламын деп отырмын. Менің намысыма тиетіні бір рет қосылғанымда  арамызға түскен әйелдің үйіне қайтып кетіп қалғаны бар. Сондықтан, ресми қосылуға намысым жібермей жүр. Ересек төрт балам мектепте оқиды. Қалған төртеуі үйде. Мен Күзет компаниясында жұмыс істеймін. 60 мыңнан артық айлығым бар. Мен бұл жағдайымды ешкімге айтқан емеспін. Көрген кісілер осылай түсіріп алып, желіде таратып жіберіпті.  width= Негізінен алақан жайып елден ақша сұрауға ұяламын, намысым жібермейді. Бірақ енді көмек қолын созамын деушілер болса затын, ақшасын алаберемін. Себебі маған расымен өз табысым мен балалардың әкесі берген ақша кейде жетпей қалады.  width= Мысалы өткен апта үш күн көмірсіз отырдым. Балалар мұздап қалды. Темір үйді білесіз. От жақса қатты ысиды. Таңға жуық тез суып кететіні бар",- дейді сегіз баланың анасы Гүлзат Берікқызы.  width= Көпбалалы ана мұндай қиындықта отырғанын, күйеуімен ажырасып кеткенін тіпті өз ата-анасына айтпапты. Ол мұның барлығын уақытша қиындықтар деп отыр. Көмек қолын созғысы келетіндер үшін: 5169 4931 8884 3653 Гульзат Бериковна Каспий голд картасын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар