Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Омырауын үлкейту үшін кредит алған келінді енесі үйден қуып шықты

Бес баланың анасы қазір күйеуімен заңды түрде ажырасып, өзі бөлек тұрып жатыр.

27.11.2018
0
Омырауын үлкейту үшін кредит алған келінді енесі үйден қуып шықты

Алматыда күйеуінің атына омырауын үлкейту үшін кредит алғызған келіншекті енесі үйден қуып шықты. Бес балалы келіншектің бұл әрекетіне енесі шыдай алмаған.

Фарида (есімі өзгертілді – ред.) есімді келіншектің айтуынша, олар қазір заңды түрде ажырасып кеткен. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ бес баласы бар.

«Күйеуім әкесіз өскен. Енем жұбайымды өзі өсіріп жеткізді. Үйінде жалғыз ұл болғандықтан енеммен бір үйде тұрып жаттық. Ол кісі екеуміздің арамызға жиі түседі. Ұлынан арамыздағы болып жатқан нәрсенің бәрін сұрап білгісі келіп тұрады. Он бес жыл үйде отырып қатарынан бес бала туу оңай емес.

Мені де түсініңіз. Бала туамын, оларды өсіремін деп денсаулық, сымбатымның бәрін бердім. Құр сүлдерім қалды. Шынымды айтсам, өз-өзіме айнаға да қарай алмайтынмын.

Сондықтан жолдасыммен ақылдасып, омырауымды үлкейтемін деп шештім. Ол да келісті. Бірақ анамызға айтпадық. Ертеңінде 1 миллион кредит алып, ота жасайтын клиникаға бардым», — деп ағынан жарылды келіншек.

Фарида отадан соң оңалу үшін он күндей төркінінде жатқан.

«Үйге қайтатын күні енем бәрін біліп алыпты. Есіктен кіре сала бетіме шапшып, киім-кешегімді бетіме лақтырды. Балаларды қалдырасың деп шарт қойды. Күйеуім де анасын жақтап қалыпты. Бұл үйде маған орын жоқ екенін сезіп артқа бұрылып кеттім де қалдым. Артымнан іздеу былай тұрсын, күйеуім өзі ажырасуға арыз түсірді», — дейді келіншек.

Екі-үш айдың ішінде олар сот шешімімен ажырасқан. Заң өкілі балаларды анасында қалдыруды ұйғарды. Фариданың сөзіне қарағанда ол күйеуімен қайта бас қосуға қарсы емес, тек енесімен бір шаңырақта тұрғысы келмейтінін айтады.

«Мен ота жасату үшін енемнен рұқсат сұрауым тиіс пе? Бастысы күйеуім келіскен. Енем артық кеткенін түсінсе екен», — дейді Nur.kz тілшісіне сұхбат берген келіншек.

Бөлісу8Твит5
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3805 бөлісу
    Бөлісу 1522 Твит 951
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6318 бөлісу
    Бөлісу 2527 Твит 1580
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1082 бөлісу
    Бөлісу 433 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3367 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    558 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    455 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.