Ұлттық банк банкрот болған банктердің салымшылары өз ақшаларын қалай және қашан ала алатынын айтты
Мәселен, Qazaq банкінің салымшылары оныншы желтоқсаннан бастап құйған қаржыларын ала алады.
Астана банкі мен Эксимбанктің кепіл- агенті кім болатыны яғни міндеттемелерін өз мойнына қай банк алатыны төртінші желтоқсанда белгілі болады. Салымшыларға шетел валютасында 5, ал ұлттық валютада 10 млн теңгеге дейін төленеді. Банк-агент түскен өтініш бойынша 5 күннің ішінде ақшаны аударуы тиіс. Толық ақпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында, деп хабарлайды KYN.KZ. Кепілдікті өтемақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе салымшының басқа банктегі шотына аударыммен теңгемен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте салымшының алынған кепілді өтемақыны агент-банктің шотында қалдыруға мүмкіндігі бар. Барлық кепілді өтемақыларды төлеу тек ұлттық валюта – теңгемен жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдікті өтемақыны есептеу үшін банкті мәжбүрлеп тарату туралысот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.