Басты жаңалықтар

Ешқандай диетасыз арықтаудың жолы анықталды

Белгілі диетолог халыққа өз зерттеуінің қорытындысын айтып, артық салмақтан арылғысы келетіндерге жаңа нұсқа ұсынды.

Австралиялық диетолог артық салмақтан арылғысы келетіндерге өз кеңесін айтты. Австралиялық диетолог Джессика Сепель (Jessica Sepel) жоғары калориялы жеңсік астың орнына баламасын ұсынады. Яғни майлы, құнарлы асты тұтынуға болады, бірақ оны қолданудың да белгілі бір деңгейде әдісі болуы шарт. Мысалы, Сепель көпшілік бас тарта алмайтын пиццаның нанын гүлді қырыққабатпен алмастыруға кеңес береді. Жоғары калориялы ұнның  орнына диетолог цукиниді жіңішкелеп кесуді ұсынады немесе бұршақ, киноа, қызыл үрмебұршақ және күріштен жасалған макарон пайдаланған әлде қайда пайдалы деп отыр. Диетолог қазір көптеп қолданылып жүрген какос сүтін тұтынуға кеңес береді. Яғни майлылығы жоға сүттердің орнына жеміс-жейдек сүттерінің адам бойында артық май жинауда үлес-салмағы айтарлықтай аз екен. Диетолог кешкісін тәтті жеп ұйықтайтындар мен балмұздаққа әуес адамдарға да өзі ойлап тапқан рецептерді ұсынды. Онда кәдуілгі балмұздақ құрамын асы жеңіл жаңғақтар мен өсімдіктер қолданылады.