Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайраттың 18 жасында бір қыз хабарласқан. Телефон тұтқасын көтерген әншіге белгісіз бойжеткен балконнан секіріп өлетінін айтыпты.
"Қайраттың 18 жасында "Арман" әні xит болып жатқан кездегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Телефонына бір жас қыз звондап, "Қайрат мен тек сені ойлаудан, сенің әндеріңді тыңдап, сені күтуден шаршадым. Еш жерге сияр емеспін, дәл қазір келмесең, балконнан секіріп өлемін" дейді. Оны тыңдап тұрған Қайрат, әлгі қызға "Өлмеші! Мен біреу ғанамын. Сендер көпсіндер ғой" деп жалынып жатыр. Трубканы қойған соң, "Танымайтын біреу ғой. Бірақ өліп қалса не істеймін? Мені қамап тастайды ма?" деген сауал қойды", - деп Гүлзира Айдарбекова Instagrqam парақшасында естеліктерімен бөлісті.Қайрат Нұртасқа қатты ғашық бойжеткен өзіне қол салмақшы болды (видео)
Қайрат, әлгі қызға "Өлмеші! Мен біреу ғанамын. Сендер көпсіндер ғой" деп жалынды.