Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйелді ерекше әдіспен зорлаған қаскүнем қор болып өлді

Әйелді ерекше әдіспен зорлаған қаскүнем қор болып өлді
ашық дереккөз
Ер адам әйелді қонақүйге алдап алып кіріп, оны улы жыланмен қорқытып зорлаған.
Қонақүй бөлмесіне қамалған әйел тұзаққа түскенін білгеннен кейін, ер адамның қолындағы улы жаланнан қорыққанынан онымен жыныстық қатынасқа түсуге келісім береді.
Бұл жағдай 21 қараша күні кешке Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясының Фучжоу қаласында болды. Зорланған әйел полицияға барып, өзін Фань есімді азамат қорқыта отырып зорлағаны жайлы айтады. Ер адам үш улы жыланды алып жуынатын бөлмеге кеткен кезде келіншек қонақүйден қашып шыққанын түсіндіреді. Полицейлер аталған қонақүйге барып, әйелдің ақпаратын тексермек болған кезде  төсектен ер адамның мәйітін тауып алады. Кейінірек оны жылан шағып алғаны анықталды. Жыландардың бірі бөлмеден шығып кетіп, полицейлерді біраз әуреге салды. Олардың арасында адамға өте қауіпті  оңтүстік қытайлық улы жылан бар болып шықты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар