Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте жұма күні намазға баратындарды моншаға тегін түсіретін азамат көпті тәнті етті

Монша иесінің әйелі: Әр жұма бір адамнан болса да алғыс алып, бір адамға көмегімді тигізсем деймін.

29.11.2018
0
Шымкентте жұма күні намазға баратындарды моншаға тегін түсіретін азамат көпті тәнті етті

Шымкент қаласы «Қазығұрт» ықшам ауданының 43 жастағы тұрғыны Ғабидолла Тұрлиев жұма сайын жұртты моншаға тегін шомылдырып, елдің ықыласына бөленуде деп жазады «Замана» басылымы.

Ғабидолла Тұрлиевтің бір жыл бұрын салынған моншасы әр жұма күні түске дейін ақысыз, тегін қызмет көрсетеді.  Бұл жайында Шымкент тұрғынының жұбайы Гүлзира айтып берген.

«Моншаны былтырғы қарашада іске қосқанбыз. Ақысын адам басына 600 теңге деп бекіттік. Алғашқыда осы маңайдағы көрші-қолаң, тамыр-таныстар естіп-біліп, біртіндеп келе бастаған.

Ара-арасында  жұма намазға баруға ниеттеніп, шайынып шығуды өтінген жастар келіп жүрді. Олар бас-аяғы 10-15 минутқа шайынып шыққандарына 200 теңге ұсынатын. Онысын өзім де алмайтынмын ұялып. Қанағат, ынсап болуы керек қой адамда», — деп әңгімесін бастаған келіншек жұма күні моншаға тегін түсіру туралы ой пайда болғанын айтып берді.

«Содан бірде жұма күні түске дейін моншаға тегін түсуге мүмкіндік беру туралы ойда жүрген ұсынысымды айтып, үйдегілермен ақылдастым. Олар мұны құптап, бір ауыздан қолдады. Сосын қағазға xабарландыру жазып, есікке ілдіртіп қойдым», — дейді Гүлзира.

Оның айтуынша, бұл моншаға келушілердің дені ер адамдар екен.

Кейде қария­лар арнайы келіп, отағасы Ғабидоллаға алғыс айтып, бата беріп кететін көрінеді.

«Жұма күні таңғы сағат 10-ның шамасында моншаны жағып қоямын да, өзім жекеменшік дүкенде сауда-саттық жасап отырамын. Моншаға келу­шілерді санап, бет­теріне басқандай болмайын деп, өзім есікті ашып кетіп қаламын», — дейді Гүлзира.

Сондай-ақ, келіншек осыдан екі жыл бұрын дүниеден өткен енесінің түсіне кіруі әсер етіп, жұма күні бір адамға болса да, жақсылық жасауды ниет еткендерін жасырмады.

«Бірде түсіме марқұм енем кіріп, «Баня жағып қой, екі кемпір болып барамыз» деді. Бәлкім осы бір тылсым түс ой салды ма, жұма күні бір адамға болса да жақсылық жасағымыз келді», — деп сөзін аяқтады келіншек.

Бөлісу12Твит7
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6249 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3155 бөлісу
    Бөлісу 1262 Твит 789
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3329 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1603 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    890 бөлісу
    Бөлісу 356 Твит 223
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    839 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.