Басты жаңалықтар
Заттыбек Көпбосынұлы ұзақ күткен ұлына ерекше есім беріп, салтанатпен үйіне алып келді (фото,видео)
- автор kyn.kz
- 30 қараша, 2018
- 1.1k
Әнші: Осы жыл өмірдегі ең үлкен үш арманым орындалды.
Жақында ғана көптен күткен ұлы дүниеге келген әнші Заттыбек Көпбосынұлы баласын перзентханадан думандатып шығарып алды, деп жазды KYN.KZ сайты.
"Аллаға шүкір. Заттыбек ағамның ұлы Бихан батырды ел болып күтіп алдық",-деп жазды желі қолданушысы Берік Сұлтан. "Әңгімемді неден бастарымды білмей отырмын. Қуанып жүргенімнен шығар.
Әуелі Аллаға сансыз шүкіршілік. Алла Ұлық. Алладан сұрадық.Менімен бІрге ел сұрады. Алла өте мейірімді әрі жомарт қой. Осы жылдың қаңтарында әкем 80-ге толып той жасап алдымен әкемнің батасын алуды, артынша қажылық парызды өтеуді нәсіп етті.Наурызда қалың елдің батасын алып көкпар беруді нәсіп етті.
Алланың жомарттығына тағы да көзім жетті. Жайылған алақандарды құр қайтаруға ұялады деуші еді. Мінее ҰЛ берді. Ұлды болдым ағайын. Айзерем әпке болды. Бұл қуаныш, бұл бақыт Алланың сыйы елдің батасы. Баршаңызға рахмет.Менімен бірдей тіледіңіздер.Менімен бірге қуандыңыздар. Алла ұзағынан сүйіндірсін. Бихан деп есім берді Айзере әпкесі.Алла қаласа үйімізге Биханды роддомнан алып келеміз ертең.
Ертеңгі сәттердіде бөлісерміз Алла қаласа. Әзірге қайырлы түн баршаңызға. Бәріңізді жақсы көремін",- деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы желідегі парақшасында.