Сапарбаев: Орамал тағатын оқушылардың әкелерін қамап қою керек
Облыс әкімі мектеп формасына бағынбайтын оқушылардың ата-анасын тәртіпке салудың бірнеше түрін ұсынды
Ақтөбеде қызір төрт оқушының ата-анасының үстінен сотқа шағым түсірілген. Себебі, бұл ата-аналар білім департаментіндегілердің бар шарасы қолданылса да қыздарынан орамалды шешпей қойған, деп жазды KYN.KZ сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасай отырып. Қалалық әкімдік өкілдерімен кездескен Бердібек Сапарбаев орамалды оқушылар мәселесі не болып жатқанын сұрады. Ақтөбе әкімінің орынбасары Гүлбаршын Айдарханованың сөзінше жыл басында 43 оқушы орамал тағып жүрген. "Қазір орамал тағатын он бес оқушы, яғни он отбасы қалды. Үш әке 3-5 күннен қамалып шықты. 4 отбасына айыппұл салынды. Қалғандарына құжаттар дайындалып қойған. Бұл отбасыларды айтқанға көндіріп, заңды түсіндіру өте қиын. Бірақ біздер барынша жұмыс істеп жатырмыз",- деді Гүлбаршын Айдарханова. Облыс әкімі заңға бағынбайтын әкелерді барлығын уақытша қамап тастау керектігін айтты. " Оларды 10-25 күнге қамап қою керек. Отырып сол жерде балаларының болашағы туралы ойлансын. Бұл мәселе бойынша тек Ақтөбеде емес, бүкіл Қазақстанды алаңдатып отыр",- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.