Басты жаңалықтар

Ақтөбедегі мектептің төбесі оқушылардың үстіне опырылып түсті (фото)

9 оқушы түрлі жарақат алып ауруханаға түсті.

30 қараша күні күндізгі сағат екінің шамасында Ақтөбедегі мектептердің бірінде ғимараттың төбесі опырылып түскен. Онда тоғыз оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған KYN.KZ.

 

Оқиға орнында болған оқушылардың тоғызы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. 9-сыныпта оқитын қыз ем-дом қабылдау үшін стационарға жатқызылған. Ал қалған сегіз баланы дәрігерлер тексеруден кейін үйіне жіберіпті.