"Жыл таңдауында" жүлдесіз қалған Әбдіжаппар өкпесін айтты
Әнші: Негізі тек фонограммамен орындау керек екен.
Еңбегі еленбей қалған Әбдіжаппар Әлқожа өзінің жүлдесіз қалғанына байланысты желідегі парақшасында пікір білдірді. Оның сөзінше "Жыл таңдауын" жасап, әншілерді іріктегендер жас әншінің еңбегі мен әндеріне үңілмегенде, деп жазды KYN.KZ. "Мен жыл таңдауына лайықты емес екенмін. Осы жолы дым істемеппін ғой. Фонограммамен айту керек екен ғой. Қақмет мотивация үшін",-дейді әнші. Көпшілік осы тұста әншіге қолдау білдіріп, оның әндерін сүйсіне тыңдайтындарын жазған. Әрі Әбдіжаппарды қолдағандары болар "Есесіне сенің әндеріңді тыңдайтын халқың бар" деп жұбатты.