Әншілігімен бірден танылған Заңғар енді киноға түсіп, актер болмақшы
Жұрт оның ағылшынын күлкіге айналдырып жатқан кезде, ол қытай тілінде еркін сөйлейтінін айтты.
Жақында ғана ағасымен бірге дуэт айтқан Заңғар Нұртас көпшілік сынның астына алған болатын. Дегенмен жас әнші өнер жолын таңдапты. Бұл туралы Holanews.kz сайтына берген сұхбатында айтқан, сілтеме жасаған KYN.KZ Заңғар Нұртас Қытайда білім алған. Айтуынша өзге елдегі сабақтары қытайша өткен, бірақ шетелдік достарымен араласу үшін ағылшын тілін үйренуге мәжбүр болған. Ағылшынша жаздырған әнің достары алғаш тыңдағанда жақсы баға берген. «Мен тыңдармандардын пікірін алғашында көңіліме алғаным рас, бірақ кейін өзімнің жаман нәрсе жасамағанымды түсіндім. Бізді Ерке Есмахан, Ләйлә Сұлтанқызы секілді танымал тұлғалар қолдағанда қатты қуандым», - дейді. Жас әнші шығармашылық жолын жалғастыруды көздейді. Өнердегі бірінші бейнебаяны бірнеше күннің ішінде бір миллион қаралым жинағанын мақтан тұтатынын да жасырмады. «Мен өзімді барлық жағынан байқап көргім келеді. Әнші, актер және бизнес саласында. Ағам Қайрат мені жақында жаңа фильмге түсіретінін айтты. Мен қарсы емеспін. Өзімді жаңа қырымнан байқағым келеді. Бәлкім қолымнан келіп қалар», - деп сөзін аяқтады әнші.