Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түсіпбаева: Мені киіндіріп, шешіндіретін еркек керек

Түсіпбаева: Мені киіндіріп, шешіндіретін еркек керек
ашық дереккөз
Әнші 48 жасқа келгенде бетіне пластикалық ота жасатқанын ашық айтты.
Әнші Меруерт Түсіпбаева "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келіп, қандай жұмысты қолға алса да маманның көмегіне жүгінгенді дұрыс көретінін айтты, деп жазды KYN.KZ. Ерекше киініп келген әншіні көрген бағдарлама жүргізушілері  Түсіпбаевадан стилисттермен жұмыс істейді ма әлде өз талғамымен киінеді ме соны білу үшін арнайы сұрақ қойған еді. "Мен негізінен қазір онлайн кеңес беретіндер көп қой, солардың ақылын тыңдап тұрамын. Одан қалса мен Берік ағамызға арнайы тапсырыспен киімдер тіктіремін. Өзім бір затты әйтеуір барып ала салмаймын. Сөздің қысқасы, мені киіндіріп, шешіндіретін еркек керек",-деді Түсіпбаева. Бұдан бөлек өз жасындағылардан жас көрінетін әншіден пластикалық ота мәселесі сұралды. "Мен әріптестеріме таң қалам. Ота жасатып, бетінің барлығын тарттырып, қатырып тастайды. Ол көрініп тұрады. Бәрақ неге екені белгісіз "Ештеңе істетпедім" деп отырады. Мен мойындаймын қабағымды алдырдым",-деді  әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар