Үй тұрғындарының сөзінше, 97-ші жылғы жігіт жуынатын бөлмеде, секіргішке асылған күйінде табылған. Заттарының арасында үш жеке күәлік табылыпты.
Ер жігіт пәтерді бір сағатқа жалға алған екен. Уақыт аяқталғанда пәтерге келген үй иесі мәйітті анықтап, полицияға хабарлаған.
Тұрғындардың бірі пәтерден шу шығып, айғай естілді десе, енді біреулері ештеңе естімегендерін алға тартып отыр.
Жігіт хат жазып кетіпті, онда ата-анасымен ренжісіп, өзіне қол жұмсауға бел буғанын жазыпты.
«Өзіне қол жұмсау фактісі тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.