Төреғали Төреәлі халық алдындағы абыройының түсу себебін өлеңмен жеткізді
Әнші: Менің әр сәтсіздігімнен кейін абыройым асқақтай түспек
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Павлодардағы қариядан кейін бүкіл халық болып, оған қарсы тұрған тыңдармандарына ренжулі,-деп жазды KYN.KZ. Әнші сол оқиғадан түйгенін Фариза апасының өлеңімен жеткізді. Сөзіне қарасақ, ол өзі талантты әрі ақкөңіл, барлық халық оны көре алмағандықтан, қастандық жасайберетін сияқты. «Жұрт маған неге жауықты?», Деп өзің босқа кішірме. Талантты болу қауіпті Талантсыздардың ішінде. Жан жетпегенмен жүйрікке, Ызыңдар зулап соңында оқ. Сыйламастардан сый күтпе- Кемеңгер-жалқы, тобыр көп. Бір өзі көкке өрлей ме, Кездеспей жолында орсыз жер. Тобырға мазақ ол кейде,- Өзімізбен бірдей болсын дер. Тумысы бөлек кемеңгер Көсем болуға ұмтылмас. Қара бас қамын жегендер Қаракет етуден бір тынбас. Өтседе өмір: алды жар, Тылсым ба маңы, сор ма арты, Халқының даңқын қалдырар Түбінде әйтеуір сол жалқы. (Фариза Оңғарсынова)