Жартылай жалаңаш депутат- модельге қатысты Астана әкімдігі пікір білдірді
Көпшілік халық қалаулысының бейәдеп қылығын сынап, Динагүлдің намысына тиетін сөздер айтқан еді.
Бірнеше күннен бері желіде Астана қаласы Мәслихатының VII шақырылымында халық қалаулысы атанған Динагүл Тасованың әрекетін сынап, тіпті оның намысына тиетін пікірлерін жарыса жазған еді. Бүгін Астана әкімдігіне қарасты Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин өзінің Фейзбук парашасында осы мәселеге қатысты пікір білдірді. "Қымбатты достар, менің жаңалығым кей адамдардың көңілін түсіріп жіберуі мүмкін. Бірақ мен халық талқыға салып жатқан сәнгердің Астана қаласы мәслихатының депутаты емес екенін айтқым келеді. Желідегі ел талқыға салған азаматша ешқандай да депутат емес.«Астана қалалық жастар мәслихаты» қоғамдық қоры әділет органдарында үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген тәуелсіз бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Демек, Астана қаласының мәслихатына және жергілікті мемлекеттік органдарға ешқандай қатысы жоқ. Ұйымның атауы халықты шатастырып жіберді, сондықтан көпшілік жалаңаш сәнгерді халық қалаулысы деп түсінді",- дейді Данияр Есин.