Президенттен аумайтын қостанай тұрғыны елбасына ұқсағанының пайдасын көріп жүр
Сәрсенбай Доданов: Жол полициясы ұстаса, қоғамдық орында көргендер жылы қарсы алып, бір жақсылық жасағысы келіп тұрады.
Қостанай тұрғыны Сәрсенбай Доданов Қазақстан президенті Нұсрұлтан Назарбаевтан аумай қалған. бір қараған кісі тіпті елбасының өзі деп қалуы әбден мүмкін. Сәрсенбай Доданов бүгінде Қазақстан темір жолының Қостанайдағы бөлімшесінде диспетчер болып жұмыс істейді.. Ол қарапайым тұрғын президентке ұқсағанының пайдасы болмаса еш зияны жоқ деп отыр. Тіпті кейде бір көрген адамдар оған жақсылық жасап, назарына ілігуге тырысады екен, деп жазды Еуразия арнасының жаңалықтар қызметі. «Еліміздің патшасына ұқсағасын, осы аймақтағы бүкіл жұрт таниды. Содан төрін береді. Кейде жолда келе жатқанда, МАИ-дің қызметкерлері тоқтатып: «Ой, аға, сіз екенсіз ғой, бара беріңіз, бара беріңіз», – дейді. Кәдімгі өмірде, әртүрлі жағдайда көмегі жиі тиіп тұрады», – дейді Сәрсенбай Доданов. Сәрсенбай Додановты мектептерге, балабақшаларға, сондай-ақ, жекелеген азаматтар отбасылық мерекелеріне сыйлы азамат ретінде жиі қонаққа шақырады екен. Тіпті, көрші Ресейде оған президенттің рөлін сомдап жарнамаға түсуге де ұсыныс жасалыпты. Дегенмен, президенттің "егізі" кез-келген ұсынысқа келісе бермейтінін айтады. Ал «Елбасы жолы» киноэпопеясына түсуге келісімін беріпті. «Теміртау қаласында Астана қаласында түсірілімдер болды. Елбасының қазіргі кезін, еске алу сәттерін ойнап бердім. Енді өте қиын емес қой деп ойлаймын. Өзімнің қолымнан келгенше. Мен енді кәсіби актер емеспін ғой. Ойнап бердік», – дейді ол. Қостанайлық президентке ұқсағанымен көпшілікке мұны айқындап көрсетуге тіпті тырыспайды да екен. Бар уақытын екі қыз, бір ұлынан көрген немерелеріне арнауға тырысады екен.