Басты жаңалықтар

Сәкен Майғазиев Өнер академиясына проректор болып тағайындалды

Мақпал Жүнісова: Сәкен дәл осы орынға өте лайықты, жастарға үлгі болатындай тәрбиелі, білімді азамат

"Музарт" тобы арқылы халыққа кеңінен танылған әнші Сәкен Майғазиев Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына лауазымды қызметке тағайындалды, деп жазды KYN.KZ. "Бүгін біздің академияның оқытушылық-профессорлық құрамына жаңа  проректорымды таныстырдым. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар  және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев тағайындалды",-деп хабарлады аталмыш оқу ордасының ректоры Асхат Маемиров. Ректор  өз сөзінде майғазиевтің қарапайым отбасында тоғызыншы ұл перзент болғанын. Маңдай тер мен мақсатшылдықтың арқасында әулетіне ғана емес бүкіл елге үлгі боларлық азамат болып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Сәкен Майғазиев академия жұмысының жандана түсуі мен биіктерден көрінуіне зор үлес қосатынына сенетінін қадап айтты. Ал көптеген өнер иелері "Музарт" тобының әншісін жаңа қызметімен құттықтап жатыр. Әрі Майғазиевтің дәл осы орынға лайықты, қазақылықты бойына сіңірген, тәрбиелі, жастарға өнеге боларлық азамат екенін жарыса жазып жатыр.