Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Өзінен 14 жас үлкен әйелді екі баласымен алған жігіт оған қалай ғашық болғанын айтып берді

Абдулла: "Махаббат" жасқа қарамайды" деген рас. Ол кісінің жүрегін жаулау үшін біраз еңбектендім

06.12.2018
0
Өзінен 14 жас үлкен әйелді екі баласымен алған жігіт оған қалай ғашық болғанын айтып берді

Түркістан облысында бойдақ жігіт өзінен 14 жас үлкен келіншекке сезімін білдіріп, өзінің жүрек қалауымен сүйіктісіне үйленді, деп жазды  Еуразия бірінші арнасы.

Ал, жуырда, олардың отау құрғандарына арналған тойлары дүркіреп өтті. Бүгінде қос ғашық Кентау қаласында бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

“Жүрекке әмір жүрмейді” деген осы шығар, сірә. Өйткені, өзінен 14 жас үлкен келіншекке басы бос бойдақ жігіт үйленіпті деген әңгіме бүкіл елге лезде тарады. Абдулла мен Қанатгүл әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Таныс-білістің соңы, махаббатқа ұласқан.

«Қанатгүлге ұсыныс жасадым, отбасын құрайық дедім. Бұл қалжың деп онша мән бермеді. Енді артынан қалмадым», – дейді күйеу жігіт Абдулла Алтеке.

«Сәлем» деп жаза салдым. Бұл енді қуанып қалған ғой. «Әрең дегенде жауап келді-ау», – деп. Жаза бастайды. Сөйтіп, 2-3 күнде телефон сұрайды», – дейді қалыңдық Қанатгүл Байқұлова.

Абдулланың жасы 27-де болса, Қанатгүл жуырда 42-ге толыпты. Екеуінің жас айырмашылығы он төрт жыл. Бірақ, соған қарамастан, қос ғашық жуырда шаңырақ көтерді.

Қос ғашықтың үйлену тойы Кентау қаласында дүркіреп өтті. Оған той иелерінің тілеулес жанашырлары түгел қатысып, қуаныштарымен бөлісіпті. Екі жақтың ата-аналары да осында жүр. Мыңжылдық құда болуды көксеген қонақтарға ерлі-зайыптылар ән шырқап берген.

«Қазір қазақта айтады ғой, махаббат жасқа қарамайды деп. Негізі мен оған өзім сенемін. Қанатгүлден басқа ешкімге қарамаймын. Өзімнің әйелім, сыйлаймын», – дейді күйеу жігіт Абдулла Алтеке.

Қанатгүл жергілікті балабақшаның бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бар уақытын балғындармен өткізеді. Солар күлсе күліп, шаттанса шалқып жүре беремін дейді. Ал, өзінің егіз баласы бар екен. Биыл, сегізге толыпты.

«Бәрі сұрайды, екі бала қайдан пайда болды деп. Мен екі баланы өзім үшін туып алдым. Оған өкінбеймін», –  дейді қалыңдық Қанатгүл Байқұлова.

Осы күні Абдулла мен Қанатгүл Кентау қаласында тұрып жатыр. Көктем шығысымен, ару қала Алматыға көшпекші. Болашаққа түзген жоспарлары да бар.

Бөлісу39Твит24
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6022 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1377 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.